"Малайзияда банк картасын қолданған": Атырауда жоғалып кеткен отбасының туысы сұмдық деректі айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 10:47 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Атырау облысындағы резонансты іске қатысты "Qazaq Airan" жобасының журналисі Айдана Мейрамбайқызы жоғалып кеткен отбасының туыстарымен тілдесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиев банк карталарын қолдануға қатысты күдікті іс туралы пікір білдірді.

"Мал сатқан кезде Наурыздың WhatsApp желісін пайдаланған. Мақсот ағамның Kaspi-ін қолданған. Сатылған малдың бәрінің ақшасы Мақсот ағамның картасына түсірген. Ал қалған карталарды білмедім... Ал Нәсіп жеңгемнің картасы қазіргі таңда күдікті деп саналып жатқан Сұлтанның қолында деп жатыр. Малайзияның бір қаласында төлем жасағанда, пайдаланған деп айтып жатыр", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Бұған дейін Самиғолла Сәрсемәліұлы әлеуметтік желі мен ақпарат кеңістігінде ұлына қатысты айтылып жатқан пікірлерге наразылығын білдірді. Оның айтуынша, қоғамда Сұлтанды кінәлаған түрлі әңгіме көбейіп кеткен.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы Шалқар Мұқанғалиев Мақсот Қарабалин