"Түркияда 10 күн болған": Атыраудағы трагедияға күдікті туралы ел естімеген тың ақпарат тарады (ВИДЕО)

Бүгін, 13:41 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы / ЖИ

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен бүтін бір отбасының тағдыры бүкіл қазақ елінің қабырғасын қайыстырды, деп жазады Arasha.kz.

Арада қаншама уақыт өтсе де, әлі күнге дейін із-түссіз кеткен 4 адам табылмай жатыр. Аймақтағы мәселенің мән-жайын зерттеуге барған "Qazaq Airan" арнасының журналисі жоғалған отбасының туыстарымен тілдескен.

"Әлі күнге дейін тексеріп жатыр, қарап жатыр. Кейін Махамбетке (Махамбет ауылы – ред.) барған дейді. Кейін Сұлтан Түркияға 10 күн барып келген дейді. Содан кейін Түркиядан қайтып келген. Сосын Түркиядан келгеннен кейін Ақбаянды алып, Ақтауға барған. Сол Ақтаудан Шымкентке пойызбен барған дейді. Сосын шекарадан Ташкентке өткен. Ташкенттен тіке Куала Лумпур деген қалаға өтіп кеткен екен. 7 сағат ұшқан. Сол жақта туристердің қаласы бар, сол жақта деген ақпарат бар", – деді Шалқар Мұқанғалиев. 

Сондай-ақ Шалқар Мұқанғалиев банк карталарын қолдануға қатысты күдікті іс туралы пікір білдірген еді.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы Шалқар Мұқанғалиев