Астанада 82-дегі ата өзінің 7 жастағы немересін зорлап, 20 жылға сотталды

Бүгін, 09:50 / Arasha.kz

Астанада жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсеткен 82 жастағы қарияға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Смайылова өзінің Facebook парақшасында жазды. Қайғылы оқиға баланың туған күнін тойлау кезінде, туыстары жиналған шаңырақта болған. Қарияны қылмыс үстінен отбасы мүшелерінің өзі ұстап алған. Оқиғаның мән-жайын куәгерлердің жауаптары мен сот сараптамаларының нәтижелері растады.

Сот ардагерді ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Дина Смайылованың айтуынша, қыздың анасы қорға 2025 жылдың 5 сәуірінен 6-на қараған түні, баланы сараптамаға апарған бойда хабарласқан.

«Бұл ата өте пысық болып шықты. Ол қылмыс жасағанын анық түсінген, себебі оны қылмыс үстінде ұстап алғанда, қашып кетіп, полиция ұстағанша бір тәулік бойы ізін жасыруға тырысқан», – деп жазды құқық қорғаушы.

Сондай-ақ, ол отбасы ішінде айыпталушының егде жасына байланысты істі сотқа жеткізбеуге шақырғандар болғанын да атап өтті.

Еске салсақ, 2025 жылдың күзінде зейнеткерден бала босанған оқушы қыз үшін бүкіл ауыл шулаған еді. Тек сәби дүниеге келгеннен кейін ғана жасөспірім басынан өткен сұмдықты айтып берген болатын.