"Наурыз бес уақыт намаз оқиды": Атырауда жоғалып кеткен отбасыға қатысты тың дерек шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:37 / Arasha.kz
Alash.kz коллажы

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен бір отбасының тағдыры ел жұртшылығын бейжай қалдырмады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Арада біраз уақыт өтсе де, жоғалған төрт адам әлі күнге дейін табылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін өңірге барған "Qazaq Airan" арнасының журналисі жоғалған отбасының туыстарымен кездесіп, пікірлерін тыңдаған.

"Наурыз бес уақыт намазын оқитын бала. Қазір ХХІ ғасыр, жастардың көзі ашық... Наурыз інім жаманшылыққа барады деп ойламаймын", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Сондай-ақ ол марқұм ағасы Мақсот Қарабалиннің банк карталарын қолдануға қатысты күдікті іс туралы пікір білдірді.

"Мал сатқан кезде Наурыздың WhatsApp желісін пайдаланған. Мақсот ағамның Kaspi-ін қолданған. Сатылған малдың бәрінің ақшасы Мақсот ағамның картасына түсірген. Ал қалған карталарды білмедім... Ал Нәсіп жеңгемнің картасы қазіргі таңда күдікті деп саналып жатқан Сұлтанның қолында деп жатыр. Малайзияның бір қаласында төлем жасағанда, пайдаланған деп айтып жатыр", – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы Шалқар Мұқанғалиев