Ораза-2026: Рамазан айы қашан басталады және Ораза айт қай күні өтеді?

Бүгін, 00:42 / Ахмет Қанатұлы
depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары үшін қасиетті саналатын Рамазан айы 2026 жылы 19 ақпанда басталады. Бұл ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен ресми діни мерекелер күнтізбесінде жарияланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған күннен бастап жамағат ораза ұстап, рухани кемелдену мен сабыр кезеңіне енеді. 2026 жылғы Рамазан айы 19 ақпаннан 20 наурызға дейін созылып, қасиетті Ораза айт мейрамымен тәмамдалады.

Рамазан айының мәні неде?

Рамазан – ислам күнтізбесіндегі қасиетті тоғызыншы ай. Осы кезеңде мұсылмандар күн шыққаннан күн батқанға дейін ас-ауқаттан ғана емес, нәпсіге қатысты барлық теріс әрекеттерден тыйылып, сабыр мен тақуалықты күшейтуге ұмтылады. Оразаның мәні тек аштықта емес, ең бастысы – рухани тазарып, өзін-өзі тәрбиелеу, жаман қылықтардан арылу болып саналады.

Бұл айда жамағат:

2026 жылғы негізгі діни күндер

ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі ұсынған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы негізгі діни мерекелер мен қасиетті түндер төмендегі күндерге сәйкес келеді:

Еске сала кетейік, ислам күнтізбесі ай қозғалысына негізделетіндіктен, кейбір діни күндер жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ертерек немесе кешірек өтуі мүмкін.

Ораза қалай ұсталады?

Күнделікті ораза:

Әр қала мен өңірде ауыз бекіту және ауыз ашу уақыты географиялық ерекшелікке байланысты әртүрлі болғандықтан, жергілікті мешіттер жариялайтын кестені басшылыққа алған жөн.

Тэгтер:

рамазан ораза ораза 2026 рамазан 2026 ораза қашан басталады 2026 Қадір түні 2026 2026 жылы ораза қашан басталады Қадір түні қашан болады 2026 Сәресі мен ауызашар уақыты Ораза уақыт кестесі