"Соңғы кездесуі еді..." – Бағдат Әшімова марқұм Асанәлі Әшімов туралы әсерлі видео жариялады

Бүгін, 09:08 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекке жылы жаңа жазба бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жарияланған видеода Атырау қаласында өткен Асанәлі Әшімов пен композитор Ілия Жақановтың кездесуден алынған әсерлі сәттері көрініс табады. Кадрлардан қос алыптың өнер мен өмір жайлы терең әңгіме өрбіткенін аңғаруға болады.

"Қос Магикандардың соңғы кездесуі. Атырау қаласында жақсы шер тарқатар кеш болып еді. Айтар әңгімелеріңіз көп еді... Әттең", – деп жазды Бағдат Әшімова.

Тэгтер:

видео Асанәлі Әшімов Бағдат Әшімова Ілия Жақанов