Қазақстан КҚК-дағы іркіліске байланысты мұнай тасымалдау бағытын өзгертуде

Бүгін, 15:14 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Мұнай Германияға, Қытайға және Баку порты арқылы жөнелтіліп жатыр. 2025 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспий құбыр консорциумын (КҚК) айналып өтіп, 300 мың тоннаға жуық мұнай жіберді. Қара теңіздегі терминалдағы шектеулер «ҚазМұнайГазды» баламалы бағыттарды пайдалануға мәжбүр етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұнай «ҚазТрансОйл» жүйесі арқылы Германия мен Қытай бағытына, Баку – Тбилиси – Джейхан құбырымен және Новороссийск пен Усть-Луга порттары арқылы тасымалданды. Қаңтар айында да мұнай ағынын бағыттау жалғасуда, өйткені КҚК әлі де іркілістермен жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, баламалы бағыттар бойынша жеткізілім көлемі біртіндеп артып келеді.

Өткен жылы Шведттегі МӨЗ (мұнай өңдеу зауыты) арқылы Германияға 2,1 млн тонна мұнай жөнелтілсе, 2026 жылы бұл көлемді 2,5 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

БТД (Баку – Тбилиси – Джейхан) бағыты бойынша Ақтау портынан 1,3 млн тонна мұнай жіберілді, енді бұл көрсеткіш 1,6 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Қытайға экспорт көлемі жыл қорытындысы бойынша 1,1 млн тоннаны құрады.
 

Тэгтер:

мұнай қара теңіз КҚК