"Амал қанша... Қимаймын" – Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды елге естіртті (ФОТО)

Бүгін, 21:03 / Arasha.kz
ozgeris.info коллажы

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасына қатысты қаралы хабарды жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Продюсердің анасының абысыны – Күлше апа дүниеден өткен. Марқұмның жеті күндік асына арнайы барған Гүлзира Айдарбекова жүрек тебірентер естеліктерімен бөлісті.

"Бұл – мен бұрын ауылға келген сайын инстаграмға салып жүретін Күлше апам еді. Соңғы бір келгенімде шапанын жауып, ақ орамалын тағып, ақшалай сыйлығымды беріп, маңдайымнан қысып, анамды көргендей бетімнен сүйіп, батасын алып кетіп едім. Анамыз бақытты ғұмыр кешті, бір ғасыр өмір сүрді. Анашымның абысыны болғандықтан, үйлеріміз де қарсы орналасқан, "сіздің үй, біздің үй" деп бөлінбей, бір шаңырақтай аралас-құралас өмір сүрдік. Жаныңыз жәннатта болсын, Күлше апа", – деп жазды ол.

Гүлзира ханымның айтуынша, марқұм балалық шақтың, ата-ана бейнесінің бір бөлшегіндей болған.

"Бір жағымда Баян әпкем, бір жағымда өзімнен бір жас үлкен Жанат әпкем – тай-құлындай тебісіп өскен жандар. Қыздары, келіні Нуриза жеңгеміз бәріміз жиналып, анамызды еске алдық. Бір ғасыр ғұмыр кешсе де, қимастық өте ауыр. Күлше апамызды көрген сайын анамызбен бірге самаурынның шайын ішіп, әңгіме-дүкен құрған сәттер көз алдымызға келетін", – деді ол.

Тэгтер:

Гүлзира Айдарбекова продюсер