Әлеуметтік желілерде Атырау облысындағы резонансты оқиғаларға қатысты пікір білдіріп жүрген, өзін "атыраулық хакер" деп таныстырған азамат Instagram парақшасында жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол жазбасында алдағы бір апта бойы байланысқа шықпайтынын, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге жауап бермейтінін айтты.
"Телефонды тастап, 1 апта демаламын. Инстаграмға да, WhatsApp-қа да жауап бермеймін. Жазсаңыздар да бәрібір. Кім не десе де, енді мән бермеймін. Провокацияға ермеймін – оған тұрмайды", – деп жазды ол.