Атырауда автобус ішінде орынға таласқан қыздар төбелесіп қалды

Бүгін, 10:10 / Қайсар Қалам
Сурет: istockphoto.com

Атырауда қалалық автобуста жолаушылары арасында жанжал шықты. Куәгерлердің айтуынша, ұрыс лық толы қоғамдық көліктегі орын үшін басталып, соңы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қыздар жолаушылардың көзінше бір-бірінің шашынан жұлған. Куәгерлер араша түсіп, жанжалдасушыларды ажыратып алды. Оқиғадан кейін әйелдердің бірі полиция шақырса, екіншісі автобустан түсіп, ізін суытқан деп жазады Halyqstan Telegram-арнасы. Болған жайттың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Атырау облыстық полиция департаменті бейнежазбада тіркелген құқық бұзушылық жасаған әйелдің жеке басы анықталғанын хабарлады. Ұрып-соғу дерегі бойынша оған қатысты қылмыстық іс тіркелді.

«Қазіргі уақытта жәбірленушіден, сондай-ақ оқиғаның басқа да куәгерлерінен жауап алынды, жан-жақты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталып жатыр», ‒ деп атап өтті полиция өкілдері.

Басылымның жазуынша, мұндай жағдайлар қоғамдық көліктің тым толып кетуіне байланысты туындап отыр. Қарбалас уақытта жолаушылар тарлық пен қысылыста жүруге мәжбүр, бұл өз кезегінде түрлі қақтығыстарға себеп болады.
 

Тэгтер:

төбелес автобус қыздар атырау