Атыраудағы жұмбақ өлім: Полиция күдіктінің қайда екенін мәлімдеді

Бүгін, 11:02 / Arasha.kz
smartnews.kz коллажы

Полиция мәліметінше, Атырау облысындағы отбасының өліміне күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайы Ақбаянмен бірге Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан шекарасынан өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға байланысты халықаралық рәсімдер жүзеге асырылып жатыр. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оны жақын арада қолға түсіру жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Ақбаян із-түзсіз жоғалған адам ретінде ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев халықаралық «қызыл деңгейдегі» іздеу тізіміне енгізілген. Бұл оның қай мемлекетте жүргеніне қарамастан, шекарадан өтуге, әуе немесе теміржол көлігімен жүруге, сондай-ақ қоғамдық орындарда анықталған жағдайда бірден ұсталуы тиіс екенін білдіреді.

Сонымен қатар полиция өкілдері Ақбаянның денсаулығында белгілі бір мәселелер бар екенін растады. Дегенмен, оны әрекетке қабілетсіз деп тану жөнінде сот шешімі қабылданбаған, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектік ресми түрде тағайындалмаған.

Тэгтер:

Атырау облысы жоғалған отбасы