Астанада нәзік жандылар арасында кәсіпкерлердің үлесі артып келеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, елордада 205,6 мың жеке кәсіпкер тіркелген, деп хабарлайды Arasha.kz.
Олардың ішінде әйел басшылардың үлесі 53,6 пайызды, яғни 110,3 мың адамды құрайды. Бұл Астанада әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігі жоғары екендігін көрсетеді.
Әйел кәсіпкерлер басқаратын кәсіпорындар негізінен сауда саласында шоғырланған – 44,3 мың нысан. Сонымен қатар, қызмет көрсету саласында 21,2 мың, жылжымайтын мүлікпен операциялар бағытында 11,3 мың кәсіпорын жұмыс істейді.
Әйелдердің үлесі өңдеуші өнеркәсіпте (5,2 мың) және білім беру саласында (4,7 мың) да айтарлықтай.
Бұл көрсеткіштер әйел кәсіпкерлердің қала экономикасының дамуына қосып отырған үлесін және әртүрлі салаларда белсенді қызмет атқарып отырғанын айқын дәлелдейді.