Астанада екі қабатты коттедж бен жиһаз цехын өртенді

Бүгін, 12:01 / Қайсар Қалам
Сурет: ТЖД

Астанада екі қабатты коттедж бен жиһаз цехын өрт шарпыды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Астана қаласының Байқоңыр ауданындағы Ж. Аймауытов көшесінде екі қабатты коттеджде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үй ішіндегі жиһаздар, төбе жабындары, сондай-ақ жақын орналасқан жиһаз цехының сыртқы қаптамасы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде өрт 70 шаршы метр аумақта толығымен жойылып, оның көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді», — делінген сенбі күнгі хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ екені атап өтілді.

«Өрттің шығу себебі анықталуда», — деп толықтырды ТЖМ.
 

Тэгтер:

Астана өрт цех