"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Танымал актер ел күтпеген сұмдық хабарды айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:25 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Белгілі театр және кино актері Бауыржан Қаптағай шығармашылық жолында жіберген ең ауыр қателіктерінің бірі туралы ашық айтып, бұл оқиғаның өзіне үлкен сабақ болғанын жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі қазақ сахнасының абызы, өзіне ұстаз болған Асанәлі Әшімовке қатысты бір кезде қателік жасап қойғанын мойындады. Оның айтуынша, сол әрекеті үшін кейін ұстазынан жеке өзі кешірім сұраған.

"Байқамай, елге ілесіп, Асанәлі Әшімовтің артынан қол қойып жібергенім бар. Кейіннен өзінен кешірім сұрадым. Өйткені ұстазым болды ол кісі. Бізде білесің ғой, Әзірбайжан Мәмбетовтің үстінен де арыз жазылды. Тұңғышбайдың үстінен де арыз жазылды. Жаман болдым өзім", – деді Бауыржан Қаптағай.

Тэгтер:

Асанәлі Әшімов Бауыржан Қаптағай