"Тамаша" шоуы арқылы елге танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайберген жайлы ерекше пікірін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
YouTube желісіндегі "Qazaq Airan" жобасына берген сұхбатында Алмат Сақатов қазіргі уақытта халықтың ішінде "Маскадағы адам" деп танылған блогердің кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді. Осыған дейін әлеуметтік желі оқырмандары елге қол ұшын созып жүрген "Маскадағы адамның" әнші Димаш Құдайбергенге қатты ұқсайтынын айтқан еді.
"Димаш болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта Димаш өте танымал, сондықтан ол елдің назарында жүр", – деді актер.
Сонымен қатар ол Димаш Құдайбергеннің қазақтың өнеріне қосқан шексіз үлесін айтып, оның феномен тұлға екенін атап өтті.
"Соңғы 70 жылдағы қазақ өнеріндегі тұлғаларды жинасақ та, олар Димаштың еңбегіне жете алмайды. Ертең мені осы сөзім үшін сынайтын шығар. Димаш секілді әлемнің түкпір-түкпірінде ән айту бірде-бір қазақ баласының қолынан келмеген. Ол тарихты жасап тастады. Димашқа Құдай ұзақ ғұмыр берсін.