Төтенше жағдайлар департаменті Жангелдин ауылында жоғалған тұрғындарды іздеуге қатысты жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Наурыз бен Мирамгүлді табуға бағытталған жұмыстар Атырау облыстық полиция департаменті жолдаған сұрау негізінде жүзеге асырылған. Құтқару бөлімшелері елді мекен аумағын толық тексеріп шыққан.
"Полиция көрсеткен барлық аумақ қаралды. Қазіргі уақытта іздеуді жалғастыру жөнінде полиция тарапынан жаңа тапсырма немесе қосымша бағыттама түскен жоқ", – деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Айта кетейік, бір отбасының жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстары 2025 жылғы 25 желтоқсанда туыстарының құқық қорғау органдарына жүгінуінен кейін басталған. Тергеу барысында қора аумағынан үй иесі мен оның жұбайының мәйіттері табылған.