Атырау облысында із-түзсіз кеткен отбасыға қатысты жаңа мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, кезекті мәліметті бөлісті.
"Қазіргі таңда мендегі ақпаратқа сәйкес, бейнежазбада отбасы мүшелерінің біріне тиесілі банктік карта Бали аралында тіркелгені туралы мәлімдегеннен кейін, банк отбасы мүшелерінің барлық банктік шоттарын бұғаттаған. Осыдан соң картамен төлем жасау да, оны пайдалану да толықтай тоқтатылды", – деді блогер.
Сондай-ақ желі қолданушысы Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары қазіргі уақытта тоқтатылғанын жатқанын мәлімдеді.
"Бүгінгі күнге қарай Наурыз бен Мейрамгүлді іздеу жұмыстары тоқтатылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында іздестіруді жалғастыру жөнінде ешқандай сұрау түспегені, соған байланысты іздеу шараларының тоқтатылғаны хабарлануда", – деді хакер.
Нәтижесінде, Наурыз бен Мейрамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ. Ал қоғамды мазалаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың нақты жауабын, "Атыраулық хакердің" пайымдауынша, Сұлтан ғана білуі мүмкін.
"Осылайша, бұл екі адам әлі табылған жоқ. Ал әлі күнге дейін жауабы табылмаған "Наурыз бен Мейрамгүл қайда?" деген сұрақтың жауабын, менің ойымша, Сұлтан ғана біледі", – деп түйіндеді ол.