Орны толмас қаза! Елге есімі танымал дәрігер 56 жасында дүниеден өтті (ФОТО)

Бүгін, 14:41 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Медицина саласының көрнекті өкілі, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының тұрақты басшысы Айгүл Қасымова 56 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қаралы хабарды денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова растады. Оның айтуынша, Айгүл Құбашқызының басшылығымен Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында кейін елдегі денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға негіз болған бірқатар пилоттық жобалар әзірленіп, іске асырылған.

Министр марқұмды денсаулық сақтау саласының дарынды ұйымдастырушысы, білікті менеджер, мемлекеттік деңгейде ойлай алатын кәсіби маман ретінде атап өтті.

"Айгүл Құбашқызы шынайы энтузиазмымен, мамандығына адалдығымен, дәрігер мен басқарушы миссиясын терең түсінуімен ерекшеленді. Ол сирек кездесетін жауапкершілік сезімінің иесі еді", – деді Ақмарал Әлназарова.

Әріптестерінің айтуынша, Айгүл Қасымова кең пейілді, адамдарға ашық, әрдайым қолдау көрсетуге дайын, ұжымды соңынан ерте алатын әрі айналасына шабыт сыйлай білетін тұлға болған.

Министр марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және барша медициналық қауымдастыққа шын жүректен көңіл айтып, қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Тэгтер:

дәрігер қаралы хабар Айгүл Қасымова