АҚШ Ресей империясының 225 миллиард доллар қарызын РФ-на төлеуді талап етті

Бүгін, 15:32 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Америкалық Noble Capital RSD инвестициялық қоры АҚШ-тың федералды сотына Ресейден Ресей империясының облигациялары бойынша міндеттемелерді өндіріп алу туралы талап арыз түсірген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл талап арыз Ресей Федерациясына, Ресей Қаржы министрлігіне, Орталық банкке және Ұлттық әл-ауқат қорына қарсы бағытталған. Талап етіліп отырған сома — 225 миллиард доллар.

Қор Ресейді 1916 жылы шығарылған Ресей империясының облигациялары бойынша құқықтық мұрагер ретінде тануды талап етеді.

Талап қоюшы бұл берешекті Ресейдің 2014 және 2022 жылдардағы санкциялардан кейін бұғатталған егеменді активтері есебінен өтеуге болады деп есептейді.

РБК редакциясы сұрастырған заңгерлердің айтуынша, Noble Capital қорының Ресейден 225,8 миллиард долларды өндіріп алу мүмкіндігі өте төмен.

Мамандардың пікірінше, бұл талап арыздың негізгі мақсаты — АҚШ билігін бұғатталған активтерді Украинаның пайдасына саяси себептермен тәркілеудің орнына, оларды жеке-құқықтық балама жолмен пайдалануға итермелеу болуы мүмкін.
 

Тэгтер:

қарыз АҚШ актив Ресей империясы