Ұлттық құрылтайдың V отырысы сейсенбі күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«20 қаңтар күні Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді», – деді Желдібай дүйсенбі күні.
Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның одан әрі дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелеріне тоқталуы күтіледі.
Бұған дейін Ұлттық құрылтай отырыстары:
• 2022 жылы – Ұлытауда;
• 2023 жылы – Түркістанда;
• 2024 жылы – Атырауда;
• 2025 жылы – Бурабайда өткен.