Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян 30 қаңтар күні Ереванда өтетін музыкалық кешке барша жұртты шақырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, бұл шарада саясаткер барабаншы ретінде өнер көрсетеді. Оған кәсіби музыканттар серік болады.
«Би алаңына шақырамын. Біз ойнаймыз, сіздер билейсіздер. Кездесу Ереванда өтеді. Нақты өтетін орнын кейінірек хабарлаймыз», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Пашинян биліктегі «Азаматтық келісім» партиясының саяси жиыны кезінде соқпалы аспапта ойнаған болатын.