"Qanay" лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанай отбасында ауыр қайғы орын алғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, әкесі дүниеден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөліскен.
"33 жасым қайғымен өрілді. Кенже балаңның жанына асықтың ба екен? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анама бірден айтпай, ауылға жіберіп қойдым. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң естіртеміз деп шештік. Өзі де соңғы кезде әрең жүріп еді…", – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылып қалғанын айтып, сол қасіретті күндерді еске алған болатын.