Ұлттық құрылтай-2026: Маңызды әрі тарихи шараны қайдан көруге болады?

20 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
Tengrinews.kz

Қазақстанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын жұртшылық бірнеше ресми платформа арқылы көре алады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бесінші Ұлттық құрылтай Қызылорда қаласында өтуде. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, елдің алдағы даму бағыттары туралы маңызды баяндамасын жасауда.

Тікелей эфир қайда көрсетіледі?

Ұлттық құрылтайдың отырысы төмендегі ақпарат құралдарында онлайн форматта таратылады:

Tengrinews.kz – сайтта мәтіндік және бейне трансляция

Ақорда-ның ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшалары

Сонымен қатар, Президенттің сөйлеген сөздерінің толық нұсқасы мен негізгі тезистері отырыс аяқталғаннан кейін ресми ақпарат көздерінде жарияланады.

Ұлттық құрылтай қашаннан бері ұйымдастырылып келеді?

Ұлттық құрылтай 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл – Президент жанындағы кеңесші-ұйымдастырушы орган. Құрылтай құрамына елдің барлық өңірінен, әртүрлі сала мен буын өкілдерінен құралған 117 мүше кіреді. Құрылтай төрағасы – Мемлекет басшысының өзі.

Алдыңғы отырыстар Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өткен. Осы жиындарда Республика күнін қайтару, АЭС салу, ғылым қалашықтарын құру секілді маңызды шешімдер қабылданған.

Биыл қандай тақырыптар қозғалады?

Қызылордадағы бесінші құрылтайда:

Президенттің баяндамасы елдің алдағы саяси және экономикалық бағытын айқындайтын маңызды құжаттардың бірі саналады.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай 2026