«Мені 5 жасымда зорлады»: стендап-комик Анар Бекет бала күнінде басынан өткен сұмдық жайтты ашық айтты

Бүгін, 11:49 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Қазақстандық стендап-комик Анар Бекет әлеуметтік желідегі парақшасында бала кезінде жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын мойындаған видео жариялады. Ол ерте жаста алған мұндай ауыр соққылардың адамның кейінгі тағдырына қалай әсер ететіні туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Анардың айтуынша, ол 90-жылдардағы қарапайым павлодарлық отбасында өскен. Ата-анасы көп жұмыс істегендіктен, оны жиі әкесі жағынан апасы мен атасына қалдырып кетіп жүрген. Шамасы, ересектер шаруамен кеткен сондай күндердің бірінде сұмдық жағдай орын алған: оны сол күні бірге қалған 17 жастағы туған ағасы (әкесінің інісі) зорлаған.

«5 жасымда мені өз туған ағам зорлады. Менің атым — Анар, бұл — шынайы оқиға. Мен Павлодарда, қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем электрик болып жұмыс істеді, анам үй шаруасында болды. Бұл тоқсаныншы жылдар еді. Ата-анам бізді асырау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, сондықтан мені жиі әкемнің ата-анасының — атам мен әжемнің қасына қалдыратын», — деп бөлісті Анар Бекет.

Видеоның соңында Анар барлық ата-аналарды баланың мінез-құлқындағы кез келген өзгеріске мұқият болуға және олардың айтқанына әрдайым құлақ түруге шақырды.

Тэгтер:

бала зорлық Анар Бекет