Былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Тоқаев

Бүгін, 12:22 / Қайсар Қалам
Сурет: Ақорда

Қазақстан экономикасы былтыр Орталық Азия аймағында рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті. Еліміздің ішкі жалпы өнімі 300 млрд доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы үлесі тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет 15 мың доллар болды. Бұл бүкіл Орталық Азия аймағы бойынша рекордтық көрсеткіш», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ұлттық қордың валюталық активтері 5 млрд долларға ұлғайып, алтын-валюта резервтері 65 млрд доллардан асқанын жеткізді. Ал, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындаған.
 

Тэгтер:

тоқаев экономика ұлттық құрылтай