Енді елімізде вице-президент лауазымы пайда болмақ

Бүгін, 14:33 / Arasha.kz
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде вице-президент институтын енгізу мүмкіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің айтуынша, жаңа лауазым Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мақсатында қарастырылып отыр. Вице-президентті тікелей Мемлекет басшысы тағайындайды. Осы өзгеріске байланысты Мемлекеттік кеңесші қызметі қысқартылады. Қазіргі таңда бұл лауазымды Ерлан Қарин атқарып отыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігіне қатысты маңызды норманы атап өтті. Егер Мемлекет басшысы өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатса, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтуі тиіс. Президент бұл талап Конституцияда нақты бекітілуі қажет екенін айтты.

Бұдан бөлек, құрылымдық өзгерістер де жоспарланып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтай таратылып, олардың орнына Халық кеңесін құру ұсынылды. Жаңа кеңестің отырысы жылына бір рет өткізіледі деп жоспарлануда.

Тэгтер:

президент Қасым-Жомарт Тоқаев