"I’m really sorry": Тоқаев мемлекеттік кеңесші Қаринді қағытып, кешірім сұрады (ВИДЕО)

Бүгін, 15:40 / Arasha.kz
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұлттық құрылтай кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Кариннен аталған қызметтің таратылуына байланысты әзіл-қалжың аралас кешірім сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қызылордада өткен жиыннан видеоны журналист Әділ Балтабаев Telegram-арнасында жариялады. Кадрлардан мемлекеттік кеңесші лауазымын жою туралы шешім айтылған сәтте Мемлекет басшысының Ерлан Каринге қарап, әзіл ретінде кешірім білдіргенін көруге болады. Қазіргі уақытта бұл қызметті Ерлан Карин атқарып отырғаны белгілі.

Видеода Президенттің Каринге қарата: "I’m really sorry" ("Шынымен де кешіріңіз") деген сөзі естіледі.

Бұл сәт желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, Мемлекет басшысының ашық әрі еркін қарым-қатынасының көрінісі ретінде бағаланды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қарин