Жапонияның экс-премьері Синдзо Абэні атып өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

Бүгін, 14:22 / Қайсар Қалам
Сурет: Kyodo / Reuters

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасаған Тэцуя Ямагамиге қатысты сот үкімі шықты. Сот оны өмір бойына түрмеге жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айыпталушының адвокаттары Ямагамиді 20 жылдан аспайтын мерзімге соттауды сұраған болатын. Олар бұл өтініштерін ер адамның «діни зорлық-зомбылықтың» құрбаны болғанымен негіздеді.

Ямагамидің өзі «Бірігу шіркеуіне» (Unification Church) деген өшпенділігін жасырмаған. Оның айтуынша, анасы аталған діни ұйымға өте ірі көлемде қайырымдылық жасап, соның салдарынан отбасы банкротқа ұшыраған. Бұл жағдай Ямагамидің кек алуына басты себеп болған көрінеді.

Бұл қылмыстық іс жапон қоғамында үлкен пікірталас тудырды. Атап айтқанда, діни ұйымдардың адамдарды садақа беруге мәжбүрлеу үшін қолданатын агрессивті әдіс-тәсілдері мен психологиялық қысым көрсету мәселелері кеңінен талқылана бастады.

2022 жылдың шілде айында Нара қаласында Синдзо Абэ халық алдында сайлауалды сөз сөйлеп тұрған кезде, Тэцуя Ямагами оған екі рет оқ атқан. Ауыр жарақат алған экс-премьер ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Тэгтер:

сот қастандық Синдзо Абэ