Алматы қаласында Мәдениет нысандары технологиялары инженерлері қауымдастығының (АИТОК) ұйымдастыруымен жалға беруші және ивент-компаниялардың IV Орталық Азия конференциясы өтуде, деп хабарлайды Arasha.kz.
Іс-шара 2026 жылғы 20–21 қаңтар күндері Алматы қаласындағы Республика сарайында (Достық даңғылы, 56) өтеді және сахналық технологиялар, жарық, дыбыс, бейне және сахналық механика саласындағы Орталық Азия өңірінің мамандарын біріктіреді.
Конференция аясында Shure, ROBE, L-Acoustics, DiGiCo, MA Lighting, Allen & Heath, Litec, ETC, LightSky, Panasonic, Dicolor, Magnimage және басқа да әлемдік жетекші брендтердің ең жаңа өнімдері мен заманауи шешімдерінің презентациялары болады.
Бағдарламада жарық суретшілері, дыбыс режиссёрлері, бейнеинженерлер, сахна механиктері мен монтажшыларға арналған дәрістер мен шеберлік сабақтары, кәсіби байқаулар және бағалы сыйлықтар ұтыс ойындары қарастырылған.
Конференцияның бас демеушісі — «Самат шоу техник» компаниясы.
Конференция аясында Қазақстанда алғаш рет еліміздің жетекші прокат компанияларының қатысуымен панельдік сессия өтті, онда саланың өзекті мәселелері мен 2026 жылға арналған даму жоспарлары талқыланды.
Жыл сайын конференция шеңберінде жарық суретшілеріне арналған «Баскинг» байқауы өткізіледі.
Биыл конференция бағдарламасында алғаш рет Sound Scrap дыбыс режиссёрлерінің баттлы өтуде.
Конференция сала көшбасшылары мен мамандарын біріктіретін дәстүрлі алаңға айналды.