Франция Гренландияда НАТО оқу-жаттығуларын өткізуді ұсынды

Бүгін, 17:45 / Қайсар Қалам
Сурет: AP Photo / Vadim Ghirda

Франция Гренландия аумағында НАТО-ның әскери жаттығуларын өткізу туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Франция осы арктикалық аралда НАТО-ның оқу-жаттығуларын өткізуді сұрады», — делінген жарияланымда. Reuters мәліметінше, француз әскерилері аталған жаттығуларға тікелей қатысуға ниет білдіріп отыр.

 АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Гренландияны Құрама Штаттардың құрамына қосу жоспарын бірнеше рет ашық мәлімдеген. Алайда Еуропа елдері бұл бастаманы қолдаудан бас тартты.

Осыған байланысты, 17 қаңтарда Трамп Вашингтон Гренландияны «толық және түпкілікті сатып алу» туралы келісімге қол жеткізгенге дейін бірқатар Еуропа елдеріне қысым көрсетпек болды. Атап айтқанда:

Ұлыбритания, Германия, Дания, Нидерланды, Норвегия, Финляндия, Франция және Швецияға 10% мөлшерінде импорттық баж салығы салынады.

Бұл шешім 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

1 маусымнан бастап салық ставкасы 25%-ға дейін көтерілмек.

Сонымен қатар, АҚШ басшысы Еуропаның Гренландияға өз әскерін жіберу ниетін «өте қауіпті ойын» деп атап, қатаң сынға алды. Трамптың пайымдауынша, Гренландияны иелену АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігін нығайту және америкалық «Алтын күмбез» (Golden Dome) зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін тиімді орналастыру үшін аса қажет.

Тэгтер:

Франция нато Гренландия