Трамп Гренландияға қайта көз тікті: Давостағы атышулы мәлімдеме

Бүгін, 08:33 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде әлемдік қауымдастықты тағы да таңғалдырды. Ақ үй басшысы Гренландияны иелену ниетін қайталап, Еуропаның қазіргі бағытын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамптың жарты сағаттық баяндамасы ерекше реакциямен қарсы алынды: залдағылар шапалақ ұрудың орнына, президенттің өткір тұжырымдарына кейде мысқылмен күлумен ғана шектелді.

«Бұл біздің аумақ»: Гренландия мәселесі

Трамп Гренландияны сатып алу мәселесі саясат емес, ең алдымен қауіпсіздік мәселесі екенін алға тартты. Оның айтуынша, бұл арал стратегиялық тұрғыдан өте маңызды, бірақ қазіргі уақытта қорғаусыз қалып отыр.

«Мен Гренландия мен Дания халқын құрметтеймін. Бірақ ешбір ел Гренландияның қауіпсіздігін АҚШ сияқты қамтамасыз ете алмайды. Бұл орасан зор, қорғалмаған арал іс жүзінде Солтүстік Американың бір бөлігі және Батыс жарты шардың солтүстік шекарасы. Бұл — біздің аумақ», — деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін аралды Данияға қайтаруды «қате шешім» деп атап, Гренландия тұрғындарын «алғысы жоқ» деп айыптады. Вашингтон бұл мәселені әскери күшпен емес, келіссөздер арқылы шешпекші, бірақ Дания бас тартса, мұның салдары болатынын меңзеді: «Иә десеңіздер, біз риза боламыз. Жоқ десеңіздер, біз мұны ұмытпаймыз».

Еуропаға сын және НАТО-ға наразылық

Президент Гренландиядан бөлек, халықаралық саясаттың басқа да өзекті тұстарына тоқталды:

 Трамптың пікірінше, Альянс АҚШ-қа әділетсіз қарайды. Вашингтон ең көп қаражат шығындағанымен, ештеңе алмайды.

«Мен Еуропаны жақсы көремін, бірақ ол қазір дұрыс бағытта келе жатқан жоқ», — деп мәлімдеген ол, бүгінгі Еуропаны танымайтынын жеткізді.

Энергетика: Трамп тағы да «жасыл» энергетикаға қарсы шығып, Еуропаны жел станцияларынан бас тартып, атом энергиясына көшуге шақырды. Дегенмен, қауіп-қатерге байланысты өзінің де атом энергиясын аса ұната қоймайтынын жасырмады.

Басқа да маңызды мәлімдемелер

Президенттің сөзінде әлемдік экономика мен қауіпсіздікке қатысты бірнеше сенсациялық жайттар айтылды:

Тэгтер:

Трамп Гренландия Давос