СҚО-да өрт кезінде қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды

22 қаңтар, 2026 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольшанка ауылында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер белгілі болды. 5 жасар қыз баланың өмірін қиған өрттен кейін оның анасы ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министр орынбасарының айтуынша, күдікті әйел қазіргі уақытта қамауға алынған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігі нақтылағандай, өрт басталған сәтте кішкентай бала үй ішінде ешқандай ересек адамның қарауынсыз жалғыз болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған үйде 33 жастағы әйел, оның 31 жастағы азаматтық некедегі жолдасы және баласы тұрып келгені хабарланған болатын. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.
 

Тэгтер:

өрт СҚО бала өілімі