"Энергиясы тасып тұр": Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында ерекше видео жариялады

23 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында тойдан әсерлі сәттерді бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жазбасында өнер иесі:

"Жібек қызымыз ұзатылды, Ерасыл екеуі бақытты, ғұмырлы болсын!" – деп ақ тілегін жеткізді.

Жарияланған фото мен видеолар қысқа уақытта-ақ көптің назарын аударып, желі қолданушылары мыңдаған лүпіл қалдырды. Көпшілік әншінің салтанатты образы мен серпінді өнеріне ерекше ықылас білдірді.

Пікірлерде "Өте әдемі болыпсыз", "Көйлегіңіз жарасып тұр", "Патшаханым!", "Тіл-көзден сақтасын", "Энергиясы тасып тұр" деген жылы лебіздер жиі кездесті.

Тэгтер:

мақпал жүнісова әнші