АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ресми түрде шықты

Бүгін, 10:36 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

БҰҰ өкілі АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) құрамынан ресми түрде шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл ақпаратты БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик растады.

Дюжарриктің айтуынша, АҚШ Президенті Дональд Трамптың атқарушы жарлығы бұдан тура бір жыл бұрын — 2025 жылғы 22 қаңтарда елдің ұйым құрамынан шығу процесін ресми түрде бастаған болатын. Сол кезде Ақ үй басшысы ДДСҰ-ны COVID-19 пандемиясымен күресте қателіктер жіберді және Қытайдың шектен тыс ықпалында қалды деп айыптаған еді.

«Олар бұдан былай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұмысына қатыспайды», — деді ол.

Сондай-ақ, Дюжаррик БҰҰ АҚШ-тың алдағы уақытта ДДСҰ құрамына қайта оралғанын қалайтынын ерекше атап өтті.

Тэгтер:

АҚШ бұұ ДДСҰ