Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қайта сақтап қалды

Бүгін, 12:46 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қайта сақтап лады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 18,0% деңгейінде, +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен белгілеу туралы шешім қабылдады», – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі жұма күні.

Айта кетейік, реттеуші базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде 2025 жылдың күзінде белгілеген. Осылайша, бұл көрсеткіш бірнеше ай қатарынан өзгеріссіз сақталып отыр.