ТЖМ Tesla Cybertruck сатып алуға 127,45 млн теңге жұмсады

Бүгін, 15:15 / Қайсар Қалам
Сурет: kolesa.kz

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Tesla Cybertruck автокөлігін сатып алуға 127,45 млн теңге жұмсады, деп хабарлайды Arasha.kz  сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

«Тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті; атауы – автомобиль/автомобиль; саны – бір; жоспарланған сома – 127 449 995,97 теңге», – делінген мемлекеттік сатып алулар порталында орналастырылған лот сипаттамасында.

Шарт 2025 жылғы 21 қазанда жасалған.