Заң талабына сай келмейтін жекеменшік мектептер жабылады – Жұлдыз Сүлейменова

23 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
Мәжілістің баспасөз қызметі. Суретте: Жұлдыз Сүлейменова

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова заң талаптарын сақтамаған әрі білім сапасы бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін жекеменшік мектептерге қатысты қатаң ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің мәлімдеуінше, соңғы он жыл бойы өз ғимаратының мақсатты пайдалануын заң шеңберінде ресми түрде рәсімдемеген білім беру ұйымдарының барлығының қызметі тоқтатылатын болады.

"Заң талаптарына және тәртіпке сай, сапалы білім беріп отырған мектептер өз жұмысын жалғастыра береді. Мемлекет өзіне жүктелген міндеттемелерді толық орындайды. Ал сапасыз, заңсыз қызмет атқарып келген, он жылдан астам уақыт бойы ғимаратты мақсатты пайдалану тетігін дұрыс заңдастырмаған мектептер бұдан былай жұмыс істемейді. Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып отырған "Заң және тәртіп" қағидатына, сондай-ақ бүгінгі "Әділетті Қазақстан" тұжырымдамасына толық сәйкес келеді деп есептеймін", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Тэгтер:

министр Жұлдыз Сүлейменова