Үндістанда 12 жастағы оқушы қыз сабаққа кешіккені үшін мұғалімнің тапсырмасымен 100 рет отырып-тұрғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы оқиға Үндістанның Махараштра штатында болған. 6-сыныпта оқитын Каджал Гонд сабаққа 10 минутқа кешігіп келгені үшін мұғалімнің жазалау ретінде берген физикалық тапсырмасын орындаған. Жаттығудан кейін қыздың белі қатты ауырып, үйіне оралған соң жағдайы күрт нашарлаған.
Оқушы шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, кейін Мумбаи қаласындағы мамандандырылған клиникаға ауыстырылған. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 14 қараша күні – Үндістанда Балаларды қорғау күні аталып өтетін күні болған.