"Жар таңдаудан қателеспеңіздер": Мөлдір Мұқан жеке өмірі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

25 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Мөлдір Мұқан "Ozimiz goi" бағдарламасына қатысып, өмірлік таңдаулар туралы ойымен бөлісті.

Бағдарлама барысында әнші әзілге сүйеніп, бірақ астарында шынайы өкініш жатқан сөз айтты:

"Өмірде мамандық таңдаудан гөрі, жар таңдаудан қателеспеңіздер. Мен қателестім", – деді ол күлімсірей отырып.

Әншінің бұл сөзі көрермендерге бейжай қалдырмады. Ішкі сезімін ашық айтып, оны әзілмен жеткізген Мөлдір Мұқанға желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды. Көпшілік пікірінде:

"Бәрі өткінші", "Әлі-ақ бақытты боласың", "Сен мықтысың, бәрі алда" деген қолдау сөздер жиі кездеседі.

Тэгтер:

Мөлдір Мұқан продюсер жеке өмірі