"19 жыл толып отыр": Ләйлә Сұлтанқызы өміріндегі ең ерекше сәтті есіне алды

Бүгін, 11:29 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жүргізуші тұңғыш рет ана атанғанына 19 жыл толғанын атап өтті.

"Бүгін ең қымбат статусқа ие болғаныма 19 жыл толып отыр. Тұңғыш рет ана атанған күнім. Ал сол күнгі кішкентай сәбиім – Сағадат батыр бүгінде 19 жаста. Әкесінен аумай қалған: түрі де, мінезі де, сөйлеген сөзі де… бәрі-бәрі. Саға балам, денің сау болсын! Інің екеуміз сені әрқашан қолдаймыз. Ғұмырлы бол, балам", – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Жазба астында оқырмандар мен желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп, Сағадатқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт пен армандардың орындалуын тіледі.

Тэгтер:

бала әлеуметтік желі Ләйлә Сұлтанқызы