Тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Бүгін, 16:10 / Қайсар Қалам
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Бұл жолғы қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңғызтөбе кентінде орналасқан 47007 әскери бөлімінде тіркелді, деп хабарлайды Arasha.kz.

23 қаңтар күні кешкі уақытта әскери қызметші қарауыл қызметін атқарып тұрған кезде күзет мұнарасында өзіне бекітілген АК-74 қаруынан абайсызда оқ атқан деген болжам бар.

Қорғаныс министрлігі төтенше жағдайға қатысты пікір білдіре отырып, дәл осы нұсқаны алға тартып отыр.

Өткен жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылған сарбаз алған жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған дерек бойынша Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта әскери бөлімде Қорғаныс министрінің орынбасары жетекшілік ететін комиссия жұмыс істеуде.

Қаза тапқан сарбаздың отбасына қажетті көмек көрсетілетіні айтылды.
 

Тэгтер:

әскер қайғылы жағдай сарбаз өлімі