Өзінің жүкті екенін білмеген 21 жастағы келіншек толғақты соқырішек деп ойлаған

Бүгін, 12:14 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Жүктілігі барын білмеген 21 жастағы британдық әйел толғақты соқырішек ауруының белгісі деп ойлап, күтпеген жерден босанып қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

What’s The Jam басылымының жазуынша, Йоркшир графтығында тұратын, Лидс қаласындағы стоматологиялық клиникада жұмыс істейтін Деми-Ли Сефтон мектеп кезінен бері Брэд Баррингтонмен кездесіп жүрген. Жас жұп баспана сатып алмайынша, бала сүюді жоспарламаған.

2025 жылғы 12 мамырда Сефтонның іші қатты ауырып, ол мұны ауыр өтетін етеккірмен байланыстырған. Ауырсынуды басатын дәрі ішіп, демалуға тырысқанымен, жағдайы жақсармаған. Таңға жуық ол өзін соқырішек ұстамасы болуы мүмкін деп ойлап, анасына хабарласып, жедел жәрдем шақырған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жас әйелдің кемінде жеті айлық жүкті екенін және толғағы басталғанын мәлімдеген. Бұл жаңалық Сефтон үшін күтпеген жағдай болған. Оның айтуынша, етеккірі әдеттегідей келіп тұрған, кейде ғана кідіріс байқалған, бірақ мұндай жайттар бұрын да кездескен.

Баррингтонға хабарласу мүмкін болмаған соң, Сефтон ауруханаға жеткізіліп, небәрі 45 минуттан кейін дені сау қыз баланы дүниеге әкелген. Нәрестеге Хейзел есімі берілген.

Тэгтер:

жүктілік Йоркшир Деми-Ли Сефтон Брэд Баррингтон соқырішек