Сергей Пономарев: Конституцияда «Таза Қазақстанды» бекіту арқылы болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік танытамыз

Бүгін, 19:34 / Қайсар Қалам
Сурет: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияға Қазақстан азаматтарының табиғатты сақтауға азаматтық жауапкершілігін енгізуді қолдады. Өз ойымен ол Конституциялық комиссияның үшінші отырысында бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутат еліміздің Ата заңында табиғатты сақтау міндетін бекітудің қажеттігін атап өтіп, Президенттің «Таза Қазақстан» бағдарламасы әрбір азамат үшін экологияны қорғаудың қаншалықты маңызды екенін іс жүзінде көрсетті деп атап өтті.

«Біз – Қазақстан халқы біртұтас ұлтпыз және таза, тұрақты, жайлы елде өмір сүргіміз келеді, мемлекеттік басқаруды мықты ете отырып, қазақстандық тарихи жерімізде өмір сүреміз. Табиғатқа қамқорлық жасаудың маңызын конституциялық түрде бекіте отырып, біз қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жауапкершілік танытамыз», – деді депутат.

Бұл ретте, келесі нормаларды бекіту ұсынылған:

– Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа қамқорлықпен қарауға міндетті;
– лауазымды тұлғалардың адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін деректер мен фактілерді жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

Сергей Пономарев сөз бостандығы, цензураны тыйым және ақпаратты еркін алу мен тарату құқығы туралы Конституциядағы баптың маңызын да атап өтті.

«Біз комиссия жұмысын тікелей эфирде жүргізу арқылы өзіміздің ашық екенімізді көрсетеміз. Конституциялық өзгерістер өз табиғаты бойынша мемлекеттің және қоғамдық келісімнің негіздерін өзгертеді, сондықтан олар жабық режимде талқылана алмайды. Тікелей эфир – тек техникалық формат емес, қоғамға сенімнің және мемлекеттің диалог жүргізуге дайын екендігінің көрсеткіші», – деді ол.

Оның айтуынша, елімізде жарияланған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және институционалдық жауапкершілік қағидаттарын ескерсек, Конституциялық комиссияның ашық жұмысы осы бағдардың қисынды жалғасы болып табылады.

"Ашық отырыстар – бұл тек ақпараттандыруға ғана емес, сонымен қатар азаматтарды бұл процеске тартуға жасалған қадам", – деп түйіндеді Сергей Пономарев.

Тэгтер:

депутат Сергей Пономарёв Конституциялық комиссия