Трамп Оңтүстік Кореядан келетін импорт тарифтерін 25%-ға дейін көтерді

Бүгін, 10:17 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ Президенті Сеулді өткен жылы қол жеткізілген сауда келісімін орындамады деп айыптады. Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында Оңтүстік Корея өнімдеріне, соның ішінде автомобильдерге, ағаш материалдарына, фармацевтикаға және басқа да тауарлар тізіміне салынатын баж салығын қазіргі 15%-дан 25%-ға дейін көтеретінін жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамп Оңтүстік Корея заң шығарушылары келісімді бекітуді кешіктіріп жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, «біз келісілген мәмілеге сәйкес өз тарифтерімізді қысқарту үшін жедел әрекет еттік».

Оңтүстік Корея тарапы өнімдеріне тарифтерді көтеру туралы шешім бойынша ресми хабарлама алмағандарын мәлімдеп, бұл мәселе бойынша Вашингтонмен шұғыл келіссөздер жүргізуге ниетті екенін білдірді.

Екі ел арасындағы келісімге өткен жылдың қазан айында қол жеткізілген болатын. Құжат бойынша Оңтүстік Корея АҚШ экономикасына 350 миллиард доллар инвестиция құюға міндеттелген еді, бұл қаражаттың бір бөлігі кеме жасау саласына бағытталуы тиіс болатын.

Келісім Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясына 26 қарашада енгізіліп, қазіргі уақытта қаралып жатыр. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, құжат ақпан айында мақұлдануы мүмкін еді.

Тэгтер:

Оңтүстік Корея Трамп тариф