"Қайрат" Темірлан Анарбековтің болашағына қатысты мәлімдеме жасады

27 қаңтар, 2026 / Arasha.kz
Nicolò Campo/LightRocket via Getty Images

Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков "Қайратпен" келісімшартты ұзартты. 

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы футболшы "Қайратпен" 2028 жылғы 30 қарашаға дейін келісімшартқа отырған.

Темірлан Анарбеков – Атыраудың тумасы, жергілікті және "Қайрат" академиясының түлегі.

Өткен маусымда Анарбеков Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік қақпашысы атанды. Былтыр ол "Қайраттың" негізгі қақпашысы болып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бірнеше матчта өнер көрсетті.

Сондай-ақ ұлттық құрама сапында дебют жасап, екі ойын өткізді.

Анарбековтың трансферлік құны 400 мың еуроға бағаланып отыр, бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қақпашы Шерхан Құлмұрза да "Қайратпен келісімшартты ұзартқан еді.