Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова аталған лауазымнан босатылған.
Қазіргі таңда министрдің қызметтен кету себебі туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.