"Қамауға алынды": 17 жыл құлдықта болып, мал баққан Құндыз бен Назгүл туралы тың дерек шықты

Бүгін, 19:54 / Arasha.kz
Alash.kz коллажы

Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленова уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі (азаптау) және 140-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қозғалған.

Егер Зүлфия Төленованың кінәсі дәлелденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зардап шеккен балаларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, олар мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылған. Ал бұған дейін 17 жыл бойы аға-жеңгесінің қолында қорлық көріп, кейін Төленованың қамқорлығына өткен Құндыз бен Назгүл қазіргі уақытта арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бақылауында.

Тэгтер:

журналист Руслан Өтепбай Зүлфия Төлегенова