28 жастағы ер адам 36 жастағы әйелінің денесін бөлшектеп, қала сыртына апарып тастаған

Бүгін, 16:49 / Arasha.kz
Arasha.kz коллажы

Дағыстанда ер адам әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Қылмысқа қалыңмалға берілген «Лада Приора» көлігін сату себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Mash дерегінше, қанды оқиғаға дейін 28 жастағы Ражидин Я. мен 36 жастағы Мальвина М. мұсылмандық некелерін қиған. Қалыңмал ретінде берілген "Лада Приора" көлігін ер адам әйелінен рұқсатсыз Грозный қаласының тұрғынына 600 мың рубльге сатып жіберген.

Бұл жағдайға наразы болған Мальвина полицияға көліктің ұрланғаны туралы арыз жазған. Сол күні кешке Ражидин "арыз мәселесін талқылау үшін" әйелге барған. Араға алты күн салып, әйелдің өртенген дене бөлшектері Дербенттен үш шақырым жердегі ауылдан табылған.

Туыстарының айтуынша, марқұмның бірінші некесінен үш баласы қалған.

Ражидин ұсталды. Полиция бөлімінде ол қылмысты жасағанын мойындады.

Тэгтер:

көлік дағыстан қалыңмал приора