Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы негізінде «Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қылмысқа ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген ақпарат қазіргі уақытта толық көлемде тексеріліп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, күдікке ілінген мамандарға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген.
«Тексеріс қорытындысы бойынша аталған қызметкерлер ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіргені үшін (теріс себептермен) жұмыстан босатылды», — делінген ІІМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.
Айта кетейік, заң бойынша кінәлілердің жауапкершілігі тергеу нәтижесінен кейін белгілі болады.