Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің ұсталуына байланысты федерация мәлімдеме жасады.

27 ақпан, 2019 / Arasha.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің ұсталуына байланысты Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы, егер оның допинг қолданғаны расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды, — деп жазыпты Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Біз кез келген әділетсіз қадамдарға қарсымыз деп мәлімдеген федерация:

— Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз, — деді Шаңғы спорты түрлері Ұлттық федерациясының баспасөз хатшысы Самал Наурызова.

Еске салсақ, 27 ақпанда Австрияның Зеефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде Қазақстандық спортшы  Алексей Полторанин допингке қатысты ұсталған еді.